АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Сот зейнеткерді тонауға қатысты кінәлі болған жас қызға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. Іс Рудный қалалық сотында қаралды. Сотталушылар орындығына зейнеткердің үйінде қызметші болып жұмыс жасайтын, 19 жасар студент қыз отырды. Оның міндеті үйді жинау болатын еді және ол ер адамның қолында жиналған ақша барын да білген. Зейнеткер жалғыз өзі тұрған.
Ақпан айының басында қыз үй иесіне үйін жинап беруді ұсынады, ол келіседі. Пәтерге кірген бетте, ер адамға тап беріп, оны буындыра бастайды, сол кезде ер адам есінен танып қалады.
Қыз 160 мың теңге, құны 100 мың тұратын бейнекамераны, ұялы телефонды, сыртқы есіктің кілтін ұрлап, қылмыс орнынан жасырын кетіп қалады.
Сот Рудныйдың тұрғынын тонауға қатысты айыпты деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.