Өңірлер

Каспийде жоғалып кеткен балықшылардан төрт күннен кейін хабар келді

© Photo : pixabay / chanwit whansetРыбалка
Рыбалка - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2021
Жазылу
Балықшылар Жанбай ауылынан 50 шақырым қашықтықта жүрген – байланысқа өздері шықты

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Атырау облысында 3 қарашадан бері іздеуде болған балықшылар табылды.

"Амангелді" және "СефКаспийФиш" ЖШС-ның төрт балықшысы сәрсенбі күні металл қайықпен теңізге шығып, төрт күн бойы хабар-ошарсыз кеткен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті олардың басшыларына телефон арқылы хабарласқанын жеткізді.

"Осы жылдың 7 қарашасы күні сағат 09:30-да балықшылар ұялы телефон арқылы басшыларына аман-сау екенін, көмекке мұқтаж емес екенін хабарлаған. Олар Жанбай ауылынан 50 шақырым қашықтықта жүрген", - деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздікті сақтау іс-әрекеттерінің алгоритмін еске салды:

  1. қайығыңыздың жағдайын тексеріңіз;
  2. құтқару кеудешесін алуды ұмытпаңыз;
  3. қайығыңызға артық жүк салмаңыз;
  4. қайығыңыз абайсызда аударылған жағдайда қайықты ұстап тұрып, қайраңға жүзуге тырысыңыз;
  5. төтенше жағдай болғанда "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0