НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Атырау облысында 3 қарашадан бері іздеуде болған балықшылар табылды.
"Амангелді" және "СефКаспийФиш" ЖШС-ның төрт балықшысы сәрсенбі күні металл қайықпен теңізге шығып, төрт күн бойы хабар-ошарсыз кеткен.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті олардың басшыларына телефон арқылы хабарласқанын жеткізді.
"Осы жылдың 7 қарашасы күні сағат 09:30-да балықшылар ұялы телефон арқылы басшыларына аман-сау екенін, көмекке мұқтаж емес екенін хабарлаған. Олар Жанбай ауылынан 50 шақырым қашықтықта жүрген", - деп хабарлады ТЖД.
Құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздікті сақтау іс-әрекеттерінің алгоритмін еске салды:
- қайығыңыздың жағдайын тексеріңіз;
- құтқару кеудешесін алуды ұмытпаңыз;
- қайығыңызға артық жүк салмаңыз;
- қайығыңыз абайсызда аударылған жағдайда қайықты ұстап тұрып, қайраңға жүзуге тырысыңыз;
- төтенше жағдай болғанда "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.
Оқи отырыңыз: