Өңірлер

Күшікті құтқарған ақтөбелік өрт сөндіруші қазнетті тәнті етті – фото

© Photo : Новостной сайт Актобе diapazon.kzАктюбинский пожарный спас щенка из огня
Актюбинский пожарный спас щенка из огня - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
Суретті көптеген адам ұнатып, құтқарушыларға алғыс білдіріп жатыр. Ғимаратта адамдар болмағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желіде жарылыс кезінде күшікті құтқарған ақтөбелік өрт сөндірушінің суреті тарап жатыр. 

Ақтөбе төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт сөндірушілер жер үйдің жанындағы қосымша ғимараттан шыққан жалынды сөндіруге барғанын айтты. Олар оқиға орнына жетіп, өртті ауыздықтауға кіріскен.

"Өртті сөндіру кезінде күшікті таптық. Ғимаратта адамдар болған жоқ. Күшік түтінді көп жұтпаған", - деді №5 қалалық өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Наурызбай Халилаев.

Оның айтуынша, иіс тиіп қалу үшін жануарларға бірнеше мәрте түтін жұту жеткілікті. Күшік дер кезінде құтқарылған.

Суретті көптеген адам ұнатып, құтқарушыларға алғыс білдіріп жатыр. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0