Өңірлер

Жамбыл облысындағы жарылыста қаза тапқан өрт сөндірушіге ескерткіш қойылады

© Photo : Армат БарлыбаевБайзақ ауданындағы әскери қоймалар
Байзақ ауданындағы әскери қоймалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Мейіржан Айманов – қайтыс болғаннан кейін "Халық қаһарманы" атағы берілген екінші тараздық. Осыдан он жыл бұрын осындай атақ террористі тоқтату үшін қаза тапқан полицейге берілген

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқан Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Аймановтың құрметіне ескерткіш қойылады.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өрт пен жарылыстан қаза тапқан әскери қызметкерлердің туыстарына мемлекеттік наградаларды табыстау кезінде айтты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Мейіржан Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы берілді. Мемлекеттік награда марқұмның ұлына табысталды.

Аймановтың туыстары бұл бастаманы қолдады.

"Ұлымның құрметіне ескерткіш қойғаны дұрыс. Кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болары анық. Ұл-қыздары әкесінің ерлігін мақтан тұтады. Ендігі артында қалған ұрпағы аман болсын!", - деді Мейіржан Аймановтың анасы.

Мейіржан Айманов – Таразда "Халық қаһарманы" атағы берілген екінші адам. Осыдан 10 жыл бұрын террористі тоқтату үшін қаза тапқан полиция қызметкері Ғазиз Байтасовқа берілген. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев жарылыстан қаза болғандардың неге барлығын марапаттамады

Жаңалықтар
0