НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Бурабай ұлттық паркінде алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсті.
Парк қызметкерлері сілеусінді жасырын камераға түсіру өте қиын екенін айтады, өйткені бұл мысық тұқымдас жабайы жануар өте сақ.
View this post on Instagram
Бірегей кадрлар Ұлттық парктің Instagram-дағы аккаунтында жарияланды.
"Сілеусін жүргенде немесе жүгіргенде артқы аяқтарымен дәл алдыңғы табандардың ізін басатынын білетін бе едіңіз? Сілеусін бір тәулікте 30 шақырымға дейін жүреді. Сілеусін түлкіні жақтырмайды және оларға өз аумағында аң аулауға мүмкіндік бермейді", - деп атап өтті ұлттық парк мамандары.
Паркте Қызыл кітапқа енген бұл жануардан бөлек борсық, қасқыр, түлкі, қоян мен сусар тіршілік етеді.
Оқи отырыңыз: