Өңірлер

Бурабайда сілеусін видеоға түсіп қалды

© Photo : Рixabay / Mila KusmenkoРысь
Рысь - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
Бұл жануар өте сақ, сілеусінді тіпті жасырын камераға түсірудің өзі үлкен жетістік

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Бурабай ұлттық паркінде алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсті.

Парк қызметкерлері сілеусінді жасырын камераға түсіру өте қиын екенін айтады, өйткені бұл мысық тұқымдас жабайы жануар өте сақ.

Бірегей кадрлар Ұлттық парктің Instagram-дағы аккаунтында жарияланды.  

"Сілеусін жүргенде немесе жүгіргенде артқы аяқтарымен дәл алдыңғы табандардың ізін басатынын білетін бе едіңіз? Сілеусін бір тәулікте 30 шақырымға дейін жүреді. Сілеусін түлкіні жақтырмайды және оларға өз аумағында аң аулауға мүмкіндік бермейді", - деп атап өтті ұлттық парк мамандары.

Паркте Қызыл кітапқа енген бұл жануардан бөлек борсық, қасқыр, түлкі, қоян мен сусар тіршілік етеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0