05:05 24 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1236410

Ер адам туған қызын зорлаған, қыз не болып жатқанын түсінбеген, өйткені ол барлық әке қыздарына осылай істейді деп ойлаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында ер адам туған қызын 8 жасынан бастап бірнеше жыл бойы азғырып, содан кейін зорлаған, деп хабарлады "ТоболИнфо".   

"Ер адам қызын 12 жасқа дейін азғырған, содан кейін оны алғаш рет зорлаған. Мұның бәрі күн сайын соңғы уақытқа дейін жалғасқан, – деп түсіндірді жәбірленушінің адвокаты. – Бұл жағдай ешқандай есепте тұрмайтын қарапайым отбасыда болды".

Адвокат зорлық көрген жәбірленушінің нақты жасын және отбасы тұратын елді мекенді атамады.  

Оның айтуынша, қыз не болып жатқанын түсінбеген, өйткені ол барлық әке қыздарына осылай істейді деп ойлаған.

"Анасы мұның бәрін алдыңгүні ғана білді. Қыз жабырқап отыр" - деп түйіндеді жәбірленушінің қорғаушысы.

Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау мақсатында қылмыстық істің егжей-тегжейі жария етілмейді. Қазір зардап шегушімен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Загрузка...

Басты тақырып