Оқиға

Оралдағы сұмдық: оқушы өгей әкесі жіберген аудио хабарламаны анасына көрсеткен

© Photo : Luisella Planeta Leoni Девушка держит мобильный телефон
Девушка держит мобильный телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
8-сынып оқушысы жазбаны анасына көрсетіп, сұмдықтың беті ашылды. Осыдан кейін педофил қамауға алынып, тергеу басталған

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Оралда өгей қызын зорлаған 33 жастағы азаматқа сот үкім кесті. 13 жастағы жасөспірімге азғындық жасаған ол енді 20 жылын темір торда өткізеді. Бірақ сотталушы айыбын сол күйі мойындаған жоқ, деп хабарлады КТК.

Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Қоғам
Өгей әкенің қылмысын жасырды деп айыпталған директор соттағы соңғы сөзін айтты
Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. 13 жастағы қызды өгей әкесі жалдамалы пәтерге апарып зорлапты. Арада бес күн өткеннен соң да жеткіншекті тағы төсек қатынасына түсуге шақырып, аудио хабарлама жіберген.

8-сынып оқушысы жазбаны анасына көрсетіп, сұмдықтың беті ашылды. Осыдан кейін педофил қамауға алынып, тергеу басталған.

"Орал қаласының тұрғыны Аймағанбетов 2007 жылы туған өгей қызына қатысты күш қолданып, азғындық әрекет, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Аймағанбетовтың кінәсі жәбірленушінің және заңды өкіл, куәлер, сарапшылардың айғақтарымен дәлелденді", - деді судья Бақыт Ермаханов.  

Жаңалықтар
0