Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда демалыс базасында бес жігіт 17 жастағы қызды зорлаған

© Photo : РixabayДевушка смотрит в окно
Девушка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Ұсталғандардың барлығы - 17-20 жастағы жігіттер. Олар бір қызды жабылып зорлағаны үшін айыпталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы демалыс базасында 17 жастағы қызды зорлап кетті. Осы іске қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 11 маусымда полицияға Петропавл қаласының тұрғыны хабарласып, "Березовая роща" демалыс базасында қызын зорлап кеткені туралы арыз түсірді.

"Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-1 тармағы (Зорлау) мен 121-баптың 3-1 тармағы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 17 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 17-20 жастағы Петропавл қаласының бес тұрғыны ұсталды", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Кәмелетке толмаған қызды зорлаған блогерге сот үкімі шықты

Қазіргі кезде үш жігіт уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ал екеуіне қатысты қолданылатын шара тергеу барысында анықталады. Сот сараптамасы белгіленді.

Жаңалықтар
0