16:50 23 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
620 0 0

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қалаға жайылған түтіннің себебін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Ақтау қаласы үстіндегі қара түтін жұрттың алаңдаушылығын тудырды. Тұрғындар әлеуметтік желіде түтіндеп жатқан жердің видеосын жариялады. 

"Бүгін, 18 қыркүйекте, саяжайлар жақтағы өндірістік алаңда бірдеңе өртеніп жатыр", - деп жазды видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ 911 | 18+ (@aktau.911)

Ал тұрғындар комментарийде "түтін қала ішіне тарап кетті", "қайта оқ-дәрілер қоймасы жоқ", "бізді біреу улап жатқан жоқ па?" деп пікір қалдырды.

Сол жерде Ақтау қаласы әкімдігінің aktau_akimat  жұртты сабырға шақырған комментарийін де байқауға болады.

"Бүгін, 18 қыркүйекте, қаланың өндірістік аймақтарының бірінде көлік дөңгелектерінің (покрышки) өртену жағдайы орын алды. Оқиға орнында арнайы мамандар мен өрт сөндіру техникасы жұмыс жасауда", - деп жазды әкімдіктегілер.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлады lada.kz.

Олардың мәліметіне сүйенсек, 18 қыркүйекте таңертең Ақтау қаласының маңындағы  №4 өндірістік алаңында өрттің шыққаны туралы хабарлама келген.

Өрт орнына келген қызметкерлер автокөлік дөңгелектері тұтанғанын анықтады.

Өрт аумағы 200 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге үш техника мен 13 адам жұмылдырылды. 

Оқи отырыңыз: 

 

 

 

Загрузка...

Басты тақырып