Өңірлер

Президент Алматы облысының басшылығына вакциналауды жеделдетуді тапсырды

© AFP 2024 / CHAIDEER MAHYUDDINШприцы с дозами вакцины от коронавируса, готовые к использованию в пункте вакцинации
Шприцы с дозами вакцины от коронавируса, готовые к использованию в пункте вакцинации - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта 649 мың облыс тұрғыны екпенің І компонентін, 510 мыңы II компонентін салдырған

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында өңір басшылығына эпидемиологиялық жағдайды үнемі бақылауда ұстауды, вакцина салу жұмысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Dolce" кәсіпорнына барды. Президентке компанияның жұмысы мен шығаратын өнімдері туралы мәлімет берілді.

Паспорт вакцинированного от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Қоғам
Вакцина құжатын сатып алғандарға "рақымшылық" жасау ұсынылды
Компания басшылығы "Dolcе" кәсіпорнының ел нарығында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтты. 372 адам еңбек етіп жатқан кәсіпорын 160-тан астам өнім шығарады. Олардың арасында қазіргі уақытта аса қажет медициналық қолғаптар, үш және төрт қабатты бетперделер, халаттар, дәрі-дәрмектер бар. Компанияның жылдық қаржы айналы – 8,4 млрд.теңге.

Бұдан бөлек мемлекет басшысына облыстағы денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы баяндалды. Алматы облысында коронавирусқа қарсы іс-шаралар аясында қысқа мерзімде 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, 180 жедел жәрдем көлігі және 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынған. Облыстың 17 ауруханасы оттегі станцияларымен, төсек-орындардың 45 пайызы оксигенотерапиямен қамтылған. 17 компьютерлік томограф, 53 рентген, 75 Хай Флу, 606 жасанды тыныс алдыру аппараты жұмыс істеп тұр.

Өңір басшылығының ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта 649 мың тұрғын екпенің І компонентін, 510 мыңы II компонентін салдырған. Осылайша облыс халқының 60 пайызы вакцина алған.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды үнемі бақылауда ұстауды, вакцина салу жұмысын жеделдетуді тапсырды.

© Photo : ҚР Президентінің ресми сайты Қасым-Жомарт Тоқаев "Dolce" кәсіпорнына барды
Президент Алматы облысының басшылығына вакциналауды жеделдетуді тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев "Dolce" кәсіпорнына барды
Жаңалықтар
0