Өңірлер

Қазақстанның солтүстігінде сәби коронавирустан көз жұмды – оқиғаның мән-жайы

© PhotoБаланың қолы, иллюстративті сурет
Баланың қолы, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Жазылу
Энтеровирустық инфекция мен бронхитке шалдыққан сәбиді алдымен үйде емдеген. Бірнеше күннен кейін ПЦР-тест оның COVID-19 жұқтырғанын көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Петропавлда көпбейінді облыстық балалар ауруханасында коронавирус инфекциясынан 21 бала емделіп жатыр, олардың жартысы – бір-екі жасар сәбилер. Бұл туралы көпбейінді облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.

Ол, сондай-ақ, коронавирустан қайтыс болған бір жасар сәбидің өлімі туралы айтты.

"5 шілде күні 1 жас 2 айлық ұл баланың дене қызуы көтерілді. Алдымен ол учаскелік дәрігердің бақылауымен үйде энтеровирустық инфекция және бронхиттен ем қабылдады", - деді Жақыпов.  

ПТР-тест нәтижесі алынғаннан кейін 12 шілдеде сәби "расталған коронавирус инфекциясы, екіжақты пневмония" диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы нашарлаған соң, жансақтау бөліміне ауыстырылған.

Тағы оқыңыз: Балалар COVID-19 жұқтырмау үшін не істеу керек – педиатрмен сұхбат

"Жағдайы ауыр болды, интенсивті терапия алды. Нұр-Сұлтанның жетекші емханаларының профессорларымен және дәрігерлермен бірнеше рет консультация өткіздік. Біздің ем дұрыс деп танылды. Алайда ауру асқынып кетті. Өкінішке қарай, сәбиді аман алып қала алмадық", - деді Нұрлан Жақыпов.

Ол бала инфекцияны кімнен және қайда жұқтырғанын нақтылаған жоқ.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі жыл басынан бері коронавируспен ауырған балалардың санын жариялады. Ведомствоның ақпаратынша, 1 қаңтардан 16 шілдеге дейінгі аралықта 31 188 бала індетке шалдыққан.

Жаңалықтар
0