Өңірлер

Мереке күндері ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

© Sputnik / Тимур БатыршинЯблони цветут в Алматы
Яблони цветут в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстікте ауа температурасы 36°С-қа дейін көтеріледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Қазгидромет 1-3 мамыр аралығындағы ауа-райына болжам ұсынды.  

"Сәуірдің соңғы күндері Қазақстан аумағына антициклонның енуіне байланысты республиканың басым аумағында ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Алайда, 2 мамырдан бастап биіктік жотасы елдегі ауа райына әсер етіп, жылы ауа массаларын әкеледі", - делінген хабарламада.  

Синоптиктер оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 17-27°С градустан 28-36°С граудсқа дейін, солтүстік өңірлерде 10-18°С градустан 15-23°С градусқа дейін көтеріледі деп болжайды.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

"Алайда циклондар да ықпал етеді. 1 мамыр күні еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты болады. Найзағай ойнап, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 2 мамырдан бастап батыс өңірлерге солтүстік-батыс циклоны әсер ете бастайды. Ол солтүстік аймақтар арқылы жылжып, жаңбыр әкеледі", - дейді мамандар.    

Естеріңізге салсақ, қазақстандықтар 1,2,3 мамыр күндері демалады.

Жаңалықтар
0