23:06 13 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.40
  • EUR515.83
  • RUB5.60
Инфографика

2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

Қысқа сілтеме алу
2503220
2021 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі
© Sputnik

2021 жылы аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 120 күн демалады. Алты күндік жұмыс аптасы болса, 68 күн демалыс беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың өндірістік күнтізбесін жариялады.

Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ресми демалыс күні жарияланады. Мереке демалыс күніне тура келсе, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып бекітіледі.

Ең ұзақ демалыс наурыз және желтоқсан айында болады.

Қаңтардың басында қазақстандықтарды төрт күн демалыс күтіп тұр. Жаңа жылға байланысты 1-2 қаңтарда демалыс болады. Ал 2 қаңтар сенбіге түсіп тұрғандықтан 4 қаңтар (дүйсенбі) да демалыс болып жарияланды. Одан кейін қазақстандықтар екі күн жұмыс істеп, Рождество мерекесіне орай 7 қаңтарда тағы демалады.

Ең ұзақ демалыс көктемде болады, мереке мен демалыс күндерін есептегенде қазақстандықтар 33 күн демалады.

Наурызда қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. Осының өзі 12 күн болып тұр. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс 24 наурызға ауысады.

Мамырда үш мемлекеттік мейрам бар. 1 мамыр күні – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

Бұл айда екі мереке демалысқа түсіп отыр, 1 мамыр сенбіге, ал 9 мамыр жексенбіге тура келеді. Соған байланысты екі мерекеден кейінгі дүйсенбіде демалыс беріледі. Осылайша, мамырда қазақстандықтар 13 күн демалады.

Шілдеде екі мейрам өтеді. Бірі – мемлекеттік, екіншісі – діни мереке. 6 шілдеде (сейсенбі) астана күні тойланады. Оған дейін 3 шілде (сенбі) жұмыс күні болады да, 4 шілдеден (жексенбі) бастап қазақстандықтар үш күн (4, 5 және 6 шілде) қатарынан демалады. Ал 2021 жылы Құрбай айттың алғашқы күні 20 шілдеге тура келді.

30 тамыз – Конституция күні қарсаңында аптасына бес күн жұмыс істейтіндер тағы үш күн (28, 29 және 30 тамыз) қатарынан демалады.

Желтоқсанда екі мейрам бар. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні, ал Тәуелсіздік мерекесінде 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері қатарынан демалыс беріледі.

Кілт сөздер:
күнтізбе, 22 наурыз, 8 наурыз, жаңа жыл, демалыс
Загрузка...

  • Рамазан-2021: Қазақстанның барлық қаласы бойынша ораза кестесі
    Последнее обновление: 13:39 08.04.2021
    13:39 08.04.2021

    Рамазан - 2021: Ораза кестесі

    2021 жылы Рамазан 13 сәуірден басталып, 12 мамырға дейін созылады. Қазақстан қалалары бойынша ораза кестесін біздің инфографикадан таба аласыздар

    2112
  • 2020 жылы бала туу көрсеткіші бойынша рекорд жаңарды
    Последнее обновление: 10:41 15.03.2021
    10:41 15.03.2021

    Бала туудан рекорд жаңарды

    2020 жылы Қазақстанда бала туу көрсеткіші бойынша рекорд жаңарды – 425 625 сәби дүниеге келді. Көш басында Түркістан мен Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы тұр

    409
  • Күн мен айдың тұтылу күнтізбесі - 2021 жыл
    Последнее обновление: 13:52 24.02.2021
    13:52 24.02.2021

    2021 жылы күн мен ай қашан тұтылады

    2021 жылы екі рет күн, екі рет ай тұтылады. Ол қашан болады және Қазақстанда қайсысы көрінетінін Sputnik инфографикасынан көріңіз

    2641
  • Жәрдемақы мөлшері - 2021
    Последнее обновление: 10:58 07.02.2021
    10:58 07.02.2021

    2021 жылы жәрдемақы қанша болады

    2021 жылы базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің жаңа мөлшері бекітілді. Осыған байланысты биыл жәрдемақы мөлшері қалай өзгергенін Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз.

    2564

Басты тақырып