НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Қазгидромет 1-3 мамыр аралығындағы ауа-райына болжам ұсынды.
"Сәуірдің соңғы күндері Қазақстан аумағына антициклонның енуіне байланысты республиканың басым аумағында ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Алайда, 2 мамырдан бастап биіктік жотасы елдегі ауа райына әсер етіп, жылы ауа массаларын әкеледі", - делінген хабарламада.
Синоптиктер оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 17-27°С градустан 28-36°С граудсқа дейін, солтүстік өңірлерде 10-18°С градустан 15-23°С градусқа дейін көтеріледі деп болжайды.
Оқи отырыңыз: 2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады
"Алайда циклондар да ықпал етеді. 1 мамыр күні еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты болады. Найзағай ойнап, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 2 мамырдан бастап батыс өңірлерге солтүстік-батыс циклоны әсер ете бастайды. Ол солтүстік аймақтар арқылы жылжып, жаңбыр әкеледі", - дейді мамандар.
Естеріңізге салсақ, қазақстандықтар 1,2,3 мамыр күндері демалады.