НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа көшті.
Ал Шығыс Қазақстан облысы керісінше, "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты. Осылайша "жасыл" аймақта Қазақстанның екі облысы – Қостанай мен Түркістан ғана қалды.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында карантин ұзартылды
Жалпы республикадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының бүгінгі күнгі көрінісі мынадай:
- "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
- "сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
- "жасыл" аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары.
Өткен тәулікте Шымкентте 111 адам, Шығыс Қазақстан облысында 95 адам коронавирус жұқтырған.