Өңірлер

Шымкент "қызыл" аймаққа кірді

© Photo : официальный сайт акимата ШымкентаШымкент, виды города
Шымкент, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Жазылу
Өткен тәулікте Шымкентте 111 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Алдыңғы күні бұл көрсеткіш 74 адам болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа көшті.

Ал Шығыс Қазақстан облысы керісінше, "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты. Осылайша "жасыл" аймақта Қазақстанның екі облысы – Қостанай мен Түркістан ғана қалды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында карантин ұзартылды

Жалпы республикадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының бүгінгі күнгі көрінісі мынадай:

  • "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
  • "сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
  • "жасыл" аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары.

Өткен тәулікте Шымкентте 111 адам, Шығыс Қазақстан облысында 95 адам коронавирус жұқтырған.

Жаңалықтар
0