Өңірлер

Түркістан облысында карантин ұзартылды

© Sputnik / Айгерім ТаубайЖаңадан ашылған неке сарайы да Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында бой көтерді
Жаңадан ашылған неке сарайы да Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында бой көтерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Жазылу
Шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін созылды. Өңірде бұқаралық іс-шара өткізуге, ойын-сауық орталықтарының қызметіне тыйым салынған

АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Түркістан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес өңірде карантин уақыты ұзартылды.

"Түркістан облысы аумағындағы карантин мен шектеу шаралары коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", - делінген қаулыда.

Өңірде бұқаралық іс-шара өткізуге, ойын-сауық орталықтарының қызметіне бұрынғыша тыйым салынған.

Азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін шектеледі.

Сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметі жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі (толтырылуы 30%-тен  аспайды). Азық-түлік гипермаркеті, супермаркет, шағын маркет, үй жанындағы дүкендер сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны қайта өсіп жатыр 

Түркістан облысында оқушыларды аралас форматта оқытуға рұқсат берілген, сыныпта 25 оқушыдан артық болмауға тиіс.

Сондай-ақ, мектепте 300 бала бар ауыл және қала мектептерінде дәстүрлі форматта оқиды, бала саны 15-тен аспауға тиіс.

Қаулы 2021 жылдың 16 сәуірі сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Айта кетейік, Түркістан облысы, Шығыс Қазақстан және Қостанай облысы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Жаңалықтар
0