04:20 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
29 0 0

Агенттік өкілдері сертификаттаудан өтпеген өнімді тұтыну адам денсаулығына орасан зиян келтіруі мүмкін деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Шымкентте құқыққорғаушылар құрамында спирт бар 70 литр сұйықтық тиелген автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші ішімдікті қаладағы өнеркәсіптік аймақтағы кәсіпорындардың бірінен сатып алғанын айтты, деп хабарлады қаржы мониторингі жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

Кәсіпорын аумағын тексеру кезінде ол жерден 25 тонна жасанды алкогольді ішімдік табылып, тәркіленді. Сарапшылар мұндай көлемдегі өнім құнын 35 миллион теңге шамасын құрайды деп бағалады.

Сот кәсіпорын жетекшісін заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша кінәлі деп тауып, бас бостандығын 1 жылға шектеу туралы үкім шығарды.

Тәркіленген заттай айғақтар мемлекет кірісіне жатқызылды.

Оқи отырыңыз: Бала арақ ішіп, көз жұмды: оны алкоголь ішуге мәжбүрлеген еркек ұсталды

Айта кетейік, 2021 жылдың ақпанында Алматы облысында жасанды алкоголь өнімдерін дайындаумен айналысқан зауыт жұмысына тоқтау салған болатын. Тінту кезінде қаржы мониторингі агенттігі мен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері есепке алу-бақылау маркалары қолдан жасалған 20 түрлі 170 мың бөтелке арақ тәркілеген.

Агенттік өкілдері бұл өнім сертификаттаудан өтпегенін және оның адам денсаулығына орасан зиян келтіруі мүмкін екенін атап өткен.

Тақырып бойынша

Жезқазғанда балабақша құрамында алкоголь бар 100 келі кәмпит сатып алмақ болған
Петропавлда 29 жастағы әйелден 1944 жылы жасалған тапанша тәркіленді
Шымкентте үш жасар бала бензин ішіп қойды: дәрігерлер жағдайын айтты
Жеке ұшақ, қымбат көлік, бірнеше коттедж: Ертаев пен Ибрагимнің мүлкі тәркіленді
Нұр-Сұлтан тұрғынынан 40 миллион теңгенің тауары тәркіленді – видео
Кілт сөздер:
кәсіпорын, ішімдік
Загрузка...

Басты тақырып