Өңірлер

Шымкентте 25 тонна жасанды алкоголь өнімі тәркіленді

CC0 / jarmoluk / Алкоголь
Алкоголь - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Агенттік өкілдері сертификаттаудан өтпеген өнімді тұтыну адам денсаулығына орасан зиян келтіруі мүмкін деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Шымкентте құқыққорғаушылар құрамында спирт бар 70 литр сұйықтық тиелген автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші ішімдікті қаладағы өнеркәсіптік аймақтағы кәсіпорындардың бірінен сатып алғанын айтты, деп хабарлады қаржы мониторингі жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

Кәсіпорын аумағын тексеру кезінде ол жерден 25 тонна жасанды алкогольді ішімдік табылып, тәркіленді. Сарапшылар мұндай көлемдегі өнім құнын 35 миллион теңге шамасын құрайды деп бағалады.

Сот кәсіпорын жетекшісін заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша кінәлі деп тауып, бас бостандығын 1 жылға шектеу туралы үкім шығарды.

Тәркіленген заттай айғақтар мемлекет кірісіне жатқызылды.

Оқи отырыңыз: Бала арақ ішіп, көз жұмды: оны алкоголь ішуге мәжбүрлеген еркек ұсталды

Айта кетейік, 2021 жылдың ақпанында Алматы облысында жасанды алкоголь өнімдерін дайындаумен айналысқан зауыт жұмысына тоқтау салған болатын. Тінту кезінде қаржы мониторингі агенттігі мен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері есепке алу-бақылау маркалары қолдан жасалған 20 түрлі 170 мың бөтелке арақ тәркілеген.

Агенттік өкілдері бұл өнім сертификаттаудан өтпегенін және оның адам денсаулығына орасан зиян келтіруі мүмкін екенін атап өткен.

Жаңалықтар
0