НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Қырғызстанда 6 жасар балаға арақ ішкізген 31 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Шу облысы Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі.
Трагедия Шу облысының Жайыл ауданында 12 шілдеге қараған түні болған. Баланың анасы құрбысымен және бірге тұратын адамымен спирттік ішімдік ішкен, кейін оларға тағы бір еркек қосылған. Сол адаммен келіншек жанжалдасып қалады, еркек ұра бастаған соң, үйден қашып шыққан, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Үйге қайтып келгенде баласы ұйықтап қалғанын көреді. Анасы балаға бір нәрсе болғанын тек таңертең түсінеді.
Тағы оқыңыз: Қытай тұрғыны жаңа туған немересіне ішімдік беріп, өлтіріп алды
Ауруханада бала алкогольден қатты уланғаны анықталды. Бала бір апта комада жатып, 20 шілдеде есін жимастан көз жұмды.
Әйел балаға арақты 31 жастағы қонақ жігіт ішкізді деп отыр.
Іс бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 138-бабына ("Денсаулыққа ауыр зиян келтіру") ауыстырылды.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, қажетті сараптама тағайындалды.