Өңірлер

"Басын орақпен кескілеген". Қара жамылған отбасы Қасымовтан араша сұрады

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысында ұлынан айырылған ана ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан кінәлілерді жауапқа тартуды сұрады

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Жамбыл облысында бауыр еті баласынан айырылған ата-ана ұлын өлтіргендерді полицейлер құрықтауға құлықсыз деп айыптауда. Олардың сөзіне сенсек, 31 жастағы азаматты айуандықпен жазым қылғандардың тек біреуі ғана қамалып, өзгелері қаперге алынбаған. Енді марқұмның жақындары оны топ болып пышақтағандардың түгелдей жауапқа тартылуын талап етіп министірлікке арыз жазбақ.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда белгілі дәрігердің ұлын өлтірген адам ұсталды

Дәурен Құралбаев асқан айуандықпен өлтірілген. Оның денесі онға жуық жерден орақпен орылып, пышақпен тілініпті. Сөйтіп қаскөйлер марқұмды қансыраған күйде дәріхана маңына тастап кеткен, деп хабарлады КТК.     

"Орақпен өте терең орып тастаған. Басын, құлағын, мойнын, жамбасын кескілеген. Тереңдігі 20 см. Екі литр қан құйды. Оны ағзасы қабылдамады", — дейді Д.Құралбаевтың жары Райхан Жолдыбаева.

Дәурен сол алған жарақатынан жансақтау бөлімінде жатып жан тапсырды. Жарының айтуынша, ол таныстарының қолынан қаза тапқан. Оны достарымен үйге алдап шақырып, қақпанға түсірген дейді. Дастарқан басында жанжал туындап, қарудан оқ атылған. Сол сәтте марқұмның серіктері сытылып кетіп, өзі ұсталып қалыпты. Ал айуандықты бір топ жігіт жасағанымен әзірге біреуі ғана қамауда.  

БҚО-да полиция сержанты взвод командирін атып тастады

"Басында Нұрсұлтан деген бала отырған. Кейін інісін әкеп жатқызды. Қазір бір-ақ бала жатыр. Қалған 7-8 бала жан-жақта қашып жүр. Ал полицейлер сол балалардың сөзін сөйлеп, соларды жақтап отыр", — дейді жігіттің анасы Сәрсенкүл Қамшыбаева.

Балта - Sputnik Қазақстан
"Үйден шық!". Әкеден қалған дүние үшін ағасы мен жеңгесін балталап өлтірді

Қара жамылған отбасы марқұмды полицейлер мазақ қылды дейді. Яғни оның қансыраған күйін суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Алайда тәртіп сақшылары мұны жоққа шығаруда. Әрі тергеу ісі әділетті дейді. 

"1997 жылы туған күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлімі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) мен 293-бабы 3-бөлімі 2-тармағымен (Бұзақылық) қылмыстық іс қозғалып, тиісті сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", — деп түсіндірді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Тек жалғыз күдіктінің қамалғанына наразылық танытқандар кінәлілерді жаппай жазаға тартқызу үшін ішкі істер министрлігіне арыз жазбақ. Ал марқұмның артында жары мен үш баласы қалды.

Алматы облысында бір сөздің кесірінен бірнеше адам көз жұмды 

Жаңалықтар
0