Оқиға

Алматыда белгілі дәрігердің ұлын өлтірген адам ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адам өлтірді деген күдікке ілінген жас жігіт қамауға алынды, ол қылмысын мойындады

АЛМАТЫ, 14 тамыз — Sputnik. Полиция "Ақсай" клиникасы бас дәрігерінің орынбасары Шахеризада Ақашеваның ұлын өлтірді деген күдікпен 16 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Sputnik.

Аралас жекпе-жек шебері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Спорт
ММА чемпионын өлтірген сәт видеоға түсіп қалды

14 тамызда Алматыда Әуезов ауданында жас жігітті өлтіріп кеткені туралы Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университеттің сайтында жазылған көңіл айту хабарынан кейін белгілі болды.  

Бұл ақпаратты қалалық ішкі істер департаменті растап, күдіктінің ұсталғанын хабарлады. 

"Қылмыс жасады деген күдікпен 16 жастағы азамат ұсталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол кінәсін мойындады», — деген мәлімет берді полициядағылар. 

Тергеуге байланысты әзірге қылмыстың мән-жайы айтылмай отыр. Полицейлер оқиға орнында не болғанын анықтау үшін күдіктімен жұмыс істеп жатыр. Қылмысқа қатысы бар басқа адамдар да болуы мүмкін. 

Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша жүргізілуде.

Жаңалықтар
0