АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Өзбекстанның Самарқан облысында жылжымайтын мүлік үшін таласып, ағасы мен жеңгесін балтамен ұрып өлтірген Бахтиёр Шукуров 22 жылға бас бостандығынан айырылды.
Самарқан облыстық соты 12 тамызда Бахтиёр Шукуровты Қылмыстық кодекстің 97-бабы, 2-тармағы ("Бұрын жасаған қылмысын қайта жасап, қасақана кісі өлтіру") бойынша айыпты деп танып, 22 жыл жазасын қатаң режимдегі түрмеде өткізу жөнінде шешім шығарды. Оған рақымшылық жасалмайды, деп хабарлады centralasian.org.
14 наурызда Самарқан облысының Пайшанба қаласында тұратын Бахтиёр Шукуров ата-анасынан қалған үйден шығуды талап еткен 58 жастағы ағасы Абдукаххар мен 55 жастағы жеңгесі Максудты балтамен ұрып өлтірген.
Бахтиёр Шукуровтің туыстары Озодлик (Азаттықтың өзбек қызметі) тілшісіне сот шешіміне көңілдері толатынын жеткізді. Олардың айтуынша, Шукуров 2003 жылдан 2014 жылға дейін "тонау" және "кісі өлтіру" бабы бойынша түрмеде отырып шыққан. 2014 жылы Өзбекстан президенті жариялаған рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шыққан.
Жасөспірім оқушыларға балтамен тап беріп, ғимаратты өртемек болған