Өңірлер

Қостанайда үш балалы отбасы мәйітхана ғимаратында тұрып жатыр

© Photo : Костанайские новостиҚостанайда мәйітханада тұрып жатқан отбасы
Қостанайда мәйітханада тұрып жатқан отбасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай тұрғындары отбасының жағдайына алаңдаулы

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Қостанай облысындағы ауылда Раушан Қожамқұлова үш баласы және күйеуімен бірге бұрынғы мәйітхана ғимаратында тұрып жатыр. Отбасының жағдайы туралы жергілікті тұрғындар "Костанайские новости" басылымына хабарлаған.

Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған он жасар қыз биліктен жәрдем сұрады

"Өлік бұзылғанда пайда болатын у бар емес пе, ол жылдар бойы сақталады ғой", — дейді отбасыға жаны ашыған қостанайлықтар.

Қазір үш балалы отбасы тұрып жатқан мәйітхана бірнеше жыл бұрын жабылып қалған. Одан кейін ғимаратта стоматология орталығы жұмыс істепті.

Раушан Қожамқұлованың айтуынша, отбасындағы қаржылық қиындықтарға байланысты күйеуі екеуі осы жерге тұруға мәжбүр болған.

"Бірінші әпкем келіп орналасты, ол ғимараттың екінші бөлігінде тұрады, — дейді әйел. — Ол жақ жөнделген, біршама жақсы. Қаржы жағынан қысылғанымызда, әпкем қожайынмен бізді тұрғызуға келісті. Басы артық ештеңе төлеп отырған жоқпыз, жарық пен газ ғана".

Раушанның отбасы баспана алу үшін кезекке тұрғанына біраз болды, бірақ әлі қол жеткізе алмай келеді.

Қостанайда жедел жәрдем жол апатына түсіп, дәрігер қаза тапты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда "жедел жәрдем" жол апатына түсіп, дәрігер қаза тапты

"Кейде қорқамыз… Дегенмен мәйітхана баяғыда жабылған. Содан соң стоматология орталығы жұмыс істеді. Талай рет дезинфекция жасаған шығар. Сондықтан мәйітхана болған жерге мүлдем ұқсамайды. Бұл үйге көңіліміз толады, мектеп жақын, балаларға да қолайлы", — дейді Раушан.

Әйелдің айтуынша, жақын арада Заречное ауылына көшпек ойлары бар екен. Раушан ешкімнен материалдық көмек күтпейтінін де атап өтті.

Жаңалықтар
0