Өңірлер

Су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған он жасар қыз биліктен жәрдем сұрады

© Sputnik / Антон ПережогинСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүлдіршін суға кеткен үйге тірнектеп жинап, әрең қол жеткізгендерін айтып, көз жасын тыя алмады

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Су тасқыны Ақтөбедегі қаншама отбасыны баспанасыз қалдырды, көпшілігі құжаттан басқа ештеңе алып кете алмаған. Су тасқынынан зардап шеккен отбасының 10 жасар қызы билік басындағылардан көмек сұрады деп жазады "Диапазон" жергілікті басылымы.

Бүлдіршіннің отбасы Махамбет ауылында тұрған. Тұрангүл Ешімованың айтуынша, күйеуінің жүрегі ауырады екен. Кіші қызы Махаббат 36-мектептің төртінші сыныбында оқиды, баспанасымен бірге мектеп формасы мен оқулықтарынан да айырылған. Табиғи апаттан соң әлі өз-өзіне келе алмай отыр.

"Біз осы үйге бір тиындап жинадық. Бәр суға кетіп жатыр. Көмекке тез келмей ме?" — деп жылайды қыз.

Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылған. Ниет білдірушілер "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қорының шотына ақшалай қаражат аудара алады. Киви әмиян: +77058202666, БИН 170240000585 ИИК KZ 819260101193016000 в АО "Казкоммерцбанк" БИК KZKOKZKX.

Жаңалықтар
0