Қобыз – қазақтың ең көне аспаптарының бірі. Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен қапталады. Қобыздың ішегі мен садақ тәрізді ысқышы жылқының қылынан тағылады. Ертеде қобыз үлкен бүтін кептірілген ағаштан жонып жасалған.

Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрығының қылы тағылады. Соль ішегіне 50-60 шақты, ре ішегіне 60-70 шақты қыл таққан. Қылын қобыздың бойына жететіндей етіп талдап алады, жылы сумен сабындап жуып, екі күндей үй температурасында кептіреді. Содан кейін топтастырып, байлап, қобызға тағады. Тиектің соль ішегі тұрған шеті қобыздың қырына орналасады, ре ішегі тұрған шеті терінің үстінде тұрады. Садақ тәрізді ысқышына 200 шамасында қыл тағылады.

Бақсылар қобызды аса қадірлеп, құдіретті күш санап, тойда немесе басқа ойын-сауық кештерінде пайдалануға тыйым салған дерек бар. Сондай-ақ олар өз сарынын жаздыруға қарсы болған. Содан болар, бізге дейін Аққу", "Қорқыттың күйі", "Жез киік", "Қасқырдың ұлуы", "Қоңыр күйі" секілді санаулы қобыз күйі жеткен.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0