Саясат

Түрікменстан президенті елшімен кездесуде Назарбаев туралы не айтты?

© Sputnik / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердымұхамедов
Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердымұхамедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның жаңа елшісі Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik.  Қазақстанның елшісі Жандос Асановтың Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовке сенім грамотасын тапсырды. 

Ермұхамет Ертісбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ермұхамет Ертісбаев жаңа қызметке тағайындалды

Салтанатты шара  Оғузхан сарайында өтті, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

 Түрікменстан басшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ықыласқа толы сәлемін айтып, Елбасының екі ел арасындағы, сондай-ақ аймақ елдері арасындағы байланыстардың өркендеуіне қосып жатқан баға жетпес үлесін жоғары бағалады.

Қазақстан елшісі Түрікменстан президентін елшілік екі ел жетекшілерінің көпғасырлық екіжақты достық әрі бауырмал қатынастарды одан әрі өрістетіп, кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін аянбай күш салатынына сендірді.


Жаңалықтар
0