Қоғам

Ермұхамет Ертісбаев жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Александр ИмедашвилиЕрмұхамет Ертісбаев
Ермұхамет Ертісбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Елбасының жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада. 

Ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Қуат Борашев - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы комитет төрағасы болып тағайындалды
Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев 1956 жылы қарашаның 19-ында туған.  Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған.   

 1990—94 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

1994—98 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды.

1994—98 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

1998—2002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі.

2006—08 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

2008 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2013 жылдан бүгінге дейін Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. 


Жаңалықтар
0