АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Қазақстанның елшісі Жандос Асановтың Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовке сенім грамотасын тапсырды.
Салтанатты шара Оғузхан сарайында өтті, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Түрікменстан басшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ықыласқа толы сәлемін айтып, Елбасының екі ел арасындағы, сондай-ақ аймақ елдері арасындағы байланыстардың өркендеуіне қосып жатқан баға жетпес үлесін жоғары бағалады.
Қазақстан елшісі Түрікменстан президентін елшілік екі ел жетекшілерінің көпғасырлық екіжақты достық әрі бауырмал қатынастарды одан әрі өрістетіп, кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін аянбай күш салатынына сендірді.