17:21 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Фото

Темірден жаралғандар: триатлоннан Қазақстан чемпионаты қалай өтті – фото

Қысқа сілтеме алу
36 0 0
  • Чемпионат Казахстана по триатлону среди профессионалов прошел 12 июня и собрал 60 триатлетов из восьми регионов Казахстана
  • Участники испытали свои силы на спринтерской дистанции, которая состояла из заплыва в 750 метров, велоэтапа в 20 километров и забега на 5 километров
  • Участники испытали свои силы на спринтерской дистанции, которая состояла из заплыва в 750 метров, велоэтапа в 20 километров и забега на 5 километров
  • В соревновании TEMIRADAM приняли участие более 200 атлетов из Казахстана, Великобритании, Кыргызстана, России, США, Узбекистана и Украины
  • Спортшылар төрт (Elite, U23, U19, U17) дәреже бойынша жарысқа түсті.
  • Вокруг места, где проходил чемпионат, дежурила полиция
  • После заплыва триатлеты соревнуются в быстроте железных коней
  • Скорая помощь - обязательный атрибут всех соревнований
  • В тот день погода в южной столице стояла нежаркая. Термометры показывали +22°С
  • После заплыва и велогонки спортсменам необходимо пробежать 5 километров
  • Спортмен решил отдохнуть и выпить воды
  • После заплыва и велогонки спортсменам необходимо пробежать 5 километров
  • Все участники сдали ПЦР-тесты на Covid-19
  • Травмы тоже являются частью больших соревнований
  • Медали кубка TEMIRADAM
  • Вокруг места, где проходил чемпионат, дежурила полиция
  • Поддержать участников пришли их родные и близкие
  • Чествование победителя на финише
© Sputnik / Тимур Батыршин
Кәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан Қазақстан чемпионатына елдің сегіз өңірінен 60 триатлоншы қатысты.

Өткен демалыста оңтүстік астанада тритлоншы спортшылар ең жүйрік деген атау үшін жарысқа түсті. Сайран көлінде біруақытта екі спорт шарасы ұйымдастырылды: кәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан Қазақстан чемпионаты және TEMIRADAM Кубогының ІІ кезеңі

12-13 маусымда Қазақстан мен басқа да елден келген спортшылар қашықтықты еңсерудегі өз күштерін сынап көрді. Sputnik Қазақстан фототілшісі бұл әсерлі шараның қалай өткенін өз көзімен көріп қайтты.

Кәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан Қазақстан чемпионатына елдің сегіз өңірінен 60 триатлет қатысты. Олар төрт дәреже (Elite, U23, U19, U17) бойынша спринтерлік қашықтықта бақ сынасты. Аталған қашықтық үш кезеңнен тұрды: 750 метр - жүзу, 20 километр – веложарыс, 5 километр – жүгіру.

Бұл күні Алматыда аптап ыстық басылып, термомтетр +22°С температураны көрсетіп тұрды.

Elite дәрежесі бойынша алтын медальді Ақмола облысынан келген спортшылар иеленді.

Ерлер арасындағы страттың жалпы нәтижесі:

  • Темірлан Теміров (Ақмола облысы) - 58 минут 12 секунд;
  • Мейірлан Ысқақов (Ақмола облысы) - 58 минут 23 секунд;
  • Аян Бейсенбаев (Ақмола облысы) - 58 минут 28 секунд.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы – елордалық Екатерина Шабалина оқ бойы озық шықты. Нәтижесінде жүлде орындары былай бөлінді:

  • Екатерина Шабалина (Нұр-Сұлтан) - 1 сағат 7 минут 27 секунд;
  • Юлия Озерова (Алматы) - 1 сағат 8 минут 53 секунд;
  • Дарья Бычкова (Алматы) - 1 сағат 9 минут 52 секунд.

Өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты чемпионат кейінге қалдырылған болатын. Келесі жарыс енді 17 шілдеде Қостанайда өтеді. Ол жақта стандартты қашықтықта (1 500 метр – жүзу, 40 километр – веложарыс, 10 километр – жүгіру) жарысатын Elite және U23 дәрежесіндегі атлеттер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

TEMIRADAM Кубогіне әлем спортшылары жиналды

Сонымен қатар Алматыда TEMIRADAM Кубогінің ІІ кезеңі өтті. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және Алматы облысынан, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарынан 200-ден астам спортшы қатысты. Ашық жарысқа Ұлыбритания, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан және Украинадан келген шетелдік триатлон әуесқойлары да қатысты.

Жарысқа қатысушылар 750 метр жүзуден, 20 километр веложарысынан және 5 километр жүгіруден тұратын спринтерлік қашықтықта өз күшін сынап көрді.

Оқи отырыңыз: ЕУРО-2020: басты футбол алаңдары қайда орналасқан – фото

Елордалық TriClubNomad клубының спортшысы Дарын Қонысбаев PRO дәрежесінде жарыстың мінсіз жеңімпазы атанып, 1 сағат 0 минут 21 секунд уақыт нәтижесін көрсетті. Ал әйелдер арасында ERG Team спортшысы Надежда Бекмағанбетова 1 сағат 10 минут 9 секунд нәтижемен жеңіске жетті.

Age Group дәрежесінде ерлер арасындағы ең үздік нәтижеге Евгений Азарьев (Алматы) қол жеткізді. Оның уақыты - 1 сағат 5 минут 20 секунд. Осы дәрежеде әйелдер арасындағы жарыста Екатерина Шатнаяның (Алматы) жалпы уақыты 1 сағат 13 минут 55 секундты құрап, ол да жеңімпаз атанды.

Жарысқа қатысқан он үш эстафеталық команданың ішінде құрамында Рифхат Мамаев, Әнуар Ахмади мен Рүстем Амеркешов бар Universal Bicycle Team командасы үздік нәтиже көрсетті.

Айта кету керек, спорт шарасына қатысқандардың барлығы коронавирус жұқтырмағанын дәлелдейтін ПТР-тесті алдын ала тапсырған. Жарысты Қазақстанның триатлон федерациясы ұйымдастырды.

Кілт сөздер:
спортшылар, жарыс, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып