17:34 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
© REUTERS / Alberto Lingria
Римдегі Олимпиада стадионы 1928 жылы салынған. 1953 жылы ол Пьер Луиджи Нервидің жобасы бойынша 1960 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының басты алаңы ретінде қайта жасақталды. 1968 және 1980 жылдары Еуропа чемпионатының ақтық кездесулері өтті (2020 жылы мұнда топтық раундтағы үш және бір плей-офф матчы өтеді). Төрт рет (1977, 1984, 1996, 2009) бұл стадионда Еуропа чемпиондарының кубогі / УЕФА чемпиондар лигасының финалы өтті. Римдегі Олимпиада стадионына қарағанда ең көп жарыс өткізген алаң - Лондондағы "Уэмбли" стадионы (1963, 1968, 1971, 1978, 1992, 2011, 2013).

ЕУРО-2020 алғашқы доп соққысына дейін-ақ футбол тарихындағы естен кетпес біріншілікке айналды. Себебі UEFA тарихында тұңғыш рет жарыс төтенше жағдайға байланысты кейінге қалдырылды

UEFA Events SA бас директоры Мартин Каллен спорттық ұйым пандемияға байланысты жарыстың өту уақытын кейінге қалдырғанда өзінің есеңгіреп қалғанын айтты.

Себебі бастапқыда футбол жарысы Еуропаның 11 еліндегі 12 стадионда өтеді деп жоспарланды. Елдердің бұл рекордты саны төрт жылда бір рет өтетін біріншіліктің 60 жылдық мерейтойымен байланысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бірреттік акция және ЕУРО-2024 турнирі қалыпты форматта өтеді.

Пандемия ЕУРО-2020 кестесіне бірқатар өзгертулер енгізуге мәжбүрледі. Енді турнирдың ақтық кезеңіне өткен 24 команда бас жүлде үшін 11 стадионда жарысады. Бұл стадиондардың қатарына Санкт-Петербург те енді. Себебі Ирландияның бас қаласы Дублин бұқаралық іс-шаралар өткізуден бас тартып, бұл өкілетті Ресейдің мәдени астанасына табыстады.

Мартин Каллен атап өткендей, 11 қаладағы жарыс үшін тек Будапеште жаңа стадион бой көтерген. Қалған спорт нысандары қолданыста болған стадиондар екені белгілі болды.

ЕУРО-2020 кубогі үшін айтулы тартыс қандай стадиондарда өтетінін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

Кілт сөздер:
футбол, Еуро-2020
Загрузка...

Басты тақырып