Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

ЕУРО-2020: басты футбол алаңдары қайда орналасқан – фото

Жазылу
ЕУРО-2020 алғашқы доп соққысына дейін-ақ футбол тарихындағы естен кетпес біріншілікке айналды. Себебі UEFA тарихында тұңғыш рет жарыс төтенше жағдайға байланысты кейінге қалдырылды

UEFA Events SA бас директоры Мартин Каллен спорттық ұйым пандемияға байланысты жарыстың өту уақытын кейінге қалдырғанда өзінің есеңгіреп қалғанын айтты.

Себебі бастапқыда футбол жарысы Еуропаның 11 еліндегі 12 стадионда өтеді деп жоспарланды. Елдердің бұл рекордты саны төрт жылда бір рет өтетін біріншіліктің 60 жылдық мерейтойымен байланысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бірреттік акция және ЕУРО-2024 турнирі қалыпты форматта өтеді.

Пандемия ЕУРО-2020 кестесіне бірқатар өзгертулер енгізуге мәжбүрледі. Енді турнирдың ақтық кезеңіне өткен 24 команда бас жүлде үшін 11 стадионда жарысады. Бұл стадиондардың қатарына Санкт-Петербург те енді. Себебі Ирландияның бас қаласы Дублин бұқаралық іс-шаралар өткізуден бас тартып, бұл өкілетті Ресейдің мәдени астанасына табыстады.

Мартин Каллен атап өткендей, 11 қаладағы жарыс үшін тек Будапеште жаңа стадион бой көтерген. Қалған спорт нысандары қолданыста болған стадиондар екені белгілі болды.

ЕУРО-2020 кубогі үшін айтулы тартыс қандай стадиондарда өтетінін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

© REUTERS / Alberto LingriaРимдегі Олимпиада стадионы 1928 жылы салынған. 1953 жылы ол Пьер Луиджи Нервидің жобасы бойынша 1960 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының басты алаңы ретінде қайта жасақталды. 1968 және 1980 жылдары Еуропа чемпионатының ақтық кездесулері өтті (2020 жылы мұнда топтық раундтағы үш және бір плей-офф матчы өтеді). Төрт рет (1977, 1984, 1996, 2009) бұл стадионда Еуропа чемпиондарының кубогі / УЕФА чемпиондар лигасының финалы өтті. Римдегі Олимпиада стадионына қарағанда ең көп жарыс өткізген алаң - Лондондағы "Уэмбли" стадионы (1963, 1968, 1971, 1978, 1992, 2011, 2013).
Римдегі Олимпиада стадионы 1928 жылы салынған - Sputnik Қазақстан
1/11
Римдегі Олимпиада стадионы 1928 жылы салынған. 1953 жылы ол Пьер Луиджи Нервидің жобасы бойынша 1960 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының басты алаңы ретінде қайта жасақталды. 1968 және 1980 жылдары Еуропа чемпионатының ақтық кездесулері өтті (2020 жылы мұнда топтық раундтағы үш және бір плей-офф матчы өтеді). Төрт рет (1977, 1984, 1996, 2009) бұл стадионда Еуропа чемпиондарының кубогі / УЕФА чемпиондар лигасының финалы өтті. Римдегі Олимпиада стадионына қарағанда ең көп жарыс өткізген алаң - Лондондағы "Уэмбли" стадионы (1963, 1968, 1971, 1978, 1992, 2011, 2013).
© Sputnik / Alexey Filippov / Медиабанкке өтуЖалпы сыйымдылығы 69 870 орынды құрайтын Бакудегі Олимпиада стадионы бірінші Еуропа ойындарының ашылу салтанаты өтетін аренаға айналды. Стадионның құрылысы Беюк-Шор көлінің шығыс жағалауында 2011 жылдың 6 маусымында басталды. Стадион 2015 жылдың 6 наурызында ашылды.
Бакудегі Олимпиада стадионы  - Sputnik Қазақстан
2/11
Жалпы сыйымдылығы 69 870 орынды құрайтын Бакудегі Олимпиада стадионы бірінші Еуропа ойындарының ашылу салтанаты өтетін аренаға айналды. Стадионның құрылысы Беюк-Шор көлінің шығыс жағалауында 2011 жылдың 6 маусымында басталды. Стадион 2015 жылдың 6 наурызында ашылды.
© REUTERS / John SibleyКопенгагендегі "Паркен" футбол стадионы Данияның жетекші клубтарының бірі – "Копенгагеннің" аренасы болып саналады. Стадионның құрылысы 1990 жылдан 1992 жылға дейін жүргізілді. Мұндағы көрермен сыйымдылығы 38 076 адамды құрайды. Айта кету керек, 2007 жылға дейін стадион 42 083 адамды қабылдай алатын. Бірақ 2007 жылдың жазында мінберлердің біріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, бұл орын санының азаюына әкелді.
Паркен стадионы - Sputnik Қазақстан
3/11
Копенгагендегі "Паркен" футбол стадионы Данияның жетекші клубтарының бірі – "Копенгагеннің" аренасы болып саналады. Стадионның құрылысы 1990 жылдан 1992 жылға дейін жүргізілді. Мұндағы көрермен сыйымдылығы 38 076 адамды құрайды. Айта кету керек, 2007 жылға дейін стадион 42 083 адамды қабылдай алатын. Бірақ 2007 жылдың жазында мінберлердің біріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, бұл орын санының азаюына әкелді.
© Sputnik / Alexander Galperin / Медиабанкке өту"Газпром-Арена" стадионы (2018 жылдың 8 желтоқсанына дейін – "Санкт-Петербург" стадионы). Стадион жобасының авторы – жапон сәулетшісі Кисё Курокава. Стадион құрылысы 2007 жылы басталған. Нысан 2016 жылдың 29 желтоқсанында ресми түрде пайдалануға берілді. Құрылыс кезеңінде жоба бес рет түбегейлі өзгеріп, оның ішінде стадионның сыйымдылығы 30%-ке өсті және құрылыс аумағы 66%-ке ұлғайды.
Газпром-Арена  - Sputnik Қазақстан
4/11
"Газпром-Арена" стадионы (2018 жылдың 8 желтоқсанына дейін – "Санкт-Петербург" стадионы). Стадион жобасының авторы – жапон сәулетшісі Кисё Курокава. Стадион құрылысы 2007 жылы басталған. Нысан 2016 жылдың 29 желтоқсанында ресми түрде пайдалануға берілді. Құрылыс кезеңінде жоба бес рет түбегейлі өзгеріп, оның ішінде стадионның сыйымдылығы 30%-ке өсті және құрылыс аумағы 66%-ке ұлғайды.
© Sputnik / Anton Denisov / Медиабанкке өту"Жаңа Уэмбли" стадионы 2007 жылы аттас ескі стадионның орнында ашылды. "Эмпайр Стейдиум" деп те аталған ескі "Уэмбли" 2003 жылы бұзылғанға дейін әлемдегі ең танымал футбол стадионының бірі болды. Жаңа Уэмблидің сыйымдылығы 90 000 көрермен және үлкендігі бойынша Еуропадағы стадиондар арасында екінші орында тұр. Жаңа стадионның жиналмалы шатыры бар. Жаңа стадион биіктігі 134 метр болатын "Уэмбли аркасымен" танымал.
Уэмбли стадионы - Sputnik Қазақстан
5/11
"Жаңа Уэмбли" стадионы 2007 жылы аттас ескі стадионның орнында ашылды. "Эмпайр Стейдиум" деп те аталған ескі "Уэмбли" 2003 жылы бұзылғанға дейін әлемдегі ең танымал футбол стадионының бірі болды. Жаңа Уэмблидің сыйымдылығы 90 000 көрермен және үлкендігі бойынша Еуропадағы стадиондар арасында екінші орында тұр. Жаңа стадионның жиналмалы шатыры бар. Жаңа стадион биіктігі 134 метр болатын "Уэмбли аркасымен" танымал.
CC BY-SA 3.0 / Mihai Petre / Stadionul National - National ArenaРумыния, Бухаресттегі ұлттық стадион. Бұл стадионда 2012 жылдың 9 мамырында УЕФА Еуропа лигасының финалы өтті. Ол Румынияда өткен еуропалық клубтар жарысының алғашқы финалы болды. УЕФА стадиондарының рейтингі бойынша Ұлттық стадион төртінші, жоғары санаттағы аренаға жатады.
Румыниядағы ұлттық стадион - Sputnik Қазақстан
6/11
Румыния, Бухаресттегі ұлттық стадион. Бұл стадионда 2012 жылдың 9 мамырында УЕФА Еуропа лигасының финалы өтті. Ол Румынияда өткен еуропалық клубтар жарысының алғашқы финалы болды. УЕФА стадиондарының рейтингі бойынша Ұлттық стадион төртінші, жоғары санаттағы аренаға жатады.
© AFP 2024 / Pieter Stam de Jonge / ANPГолландиядағы ең мықты стадиондардың бірін үш жылға жетер-жетпес уақытта салды. Ол "Амстердам Арена" деп аталды. Оның қазіргі атауы 2018/2019 маусымда "Аякс" футбол клубының белгілі ойыншысы Йохан Кройфтың құрметіне өзгертілген.

Йохан Кройфф Арена стадионы, Амстердам - Sputnik Қазақстан
7/11
Голландиядағы ең мықты стадиондардың бірін үш жылға жетер-жетпес уақытта салды. Ол "Амстердам Арена" деп аталды. Оның қазіргі атауы 2018/2019 маусымда "Аякс" футбол клубының белгілі ойыншысы Йохан Кройфтың құрметіне өзгертілген.

© REUTERS / Michael DalderМюнхендегі "Альянц Арена" сыйымдылығы 75 000 көрерменді құрайды. Оның ішінде 2 152 бизнес орын, VIP-бөлмедегі 1374 орын және мүгедектер арбасындағы адамдарға арналған 227 орын бар. Халықаралық матч кезінде стадионның ең жоғарғы сыйымдылығы 70 000 көрерменге дейін азаяды. 2005/06 маусымынан бастап "Бавария" өз ойындарын осы стадионда өткізеді. Сонымен қатар бұл аренада 2006 жылғы әлем чемпионатының матчтары мен 2011/12 маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы өтті.
Альянц Арена стадионы, Мюнхен - Sputnik Қазақстан
8/11
Мюнхендегі "Альянц Арена" сыйымдылығы 75 000 көрерменді құрайды. Оның ішінде 2 152 бизнес орын, VIP-бөлмедегі 1374 орын және мүгедектер арбасындағы адамдарға арналған 227 орын бар. Халықаралық матч кезінде стадионның ең жоғарғы сыйымдылығы 70 000 көрерменге дейін азаяды. 2005/06 маусымынан бастап "Бавария" өз ойындарын осы стадионда өткізеді. Сонымен қатар бұл аренада 2006 жылғы әлем чемпионатының матчтары мен 2011/12 маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы өтті.
© AFP 2024 / Attila KisbenedekБудапешттегі Puskas Ferenc Arena 2016 жылы бұзылған ескі стадионның орнына салынған. Құрылыс 2017 жылы басталып, 2019 жылы аяқталды. Стадион ашылған кезде - 2019 жылдың 15 қарашасында Венгрия құрамасы Уругвай құрамасымен кездесті. Оның сыйымдылығы - 67 215 адам.
Puskas Ferenc Arena, Будапешт - Sputnik Қазақстан
9/11
Будапешттегі Puskas Ferenc Arena 2016 жылы бұзылған ескі стадионның орнына салынған. Құрылыс 2017 жылы басталып, 2019 жылы аяқталды. Стадион ашылған кезде - 2019 жылдың 15 қарашасында Венгрия құрамасы Уругвай құрамасымен кездесті. Оның сыйымдылығы - 67 215 адам.
© REUTERS / Craig Brough"Хэмпден Парк" футбол стадионы - бұл Шотландияның ұлттық футбол стадионы. Ол 1903 жылы Глазгода салынған және кейінірек Шотландия ұлттық құрамасының стадионына айналды. 1903 жылдың 31 қазанында стадионда алғашқы матч өтті. 1960 жылы стадионда 130 мың көрермен жинаған Еуропа кубогының ақтық ойыны өтті.
Хэмпден Парк стадионы, Шотландия - Sputnik Қазақстан
10/11
"Хэмпден Парк" футбол стадионы - бұл Шотландияның ұлттық футбол стадионы. Ол 1903 жылы Глазгода салынған және кейінірек Шотландия ұлттық құрамасының стадионына айналды. 1903 жылдың 31 қазанында стадионда алғашқы матч өтті. 1960 жылы стадионда 130 мың көрермен жинаған Еуропа кубогының ақтық ойыны өтті.
CC BY 3.0 / Panoramio / V&A Dudush / Estadio OlímpicoИспанияның Севилья қаласындағы Олимпиада стадионы. Ол 1997 жылы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына арнайы салынған. Стадион 60 000 адамға арналған. Севильяда Испания Прьемерасының екі футбол клубы – "Реал Бетис" пен "Севилья" командаларының бар екеніне қарамастан, стадион бұл құрамалардың ешқайсысына тиесілі емес.

Испаниядағы Олимпиада стадионы - Sputnik Қазақстан
11/11
Испанияның Севилья қаласындағы Олимпиада стадионы. Ол 1997 жылы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына арнайы салынған. Стадион 60 000 адамға арналған. Севильяда Испания Прьемерасының екі футбол клубы – "Реал Бетис" пен "Севилья" командаларының бар екеніне қарамастан, стадион бұл құрамалардың ешқайсысына тиесілі емес.

Жаңалықтар
0