UEFA Events SA бас директоры Мартин Каллен спорттық ұйым пандемияға байланысты жарыстың өту уақытын кейінге қалдырғанда өзінің есеңгіреп қалғанын айтты.
Себебі бастапқыда футбол жарысы Еуропаның 11 еліндегі 12 стадионда өтеді деп жоспарланды. Елдердің бұл рекордты саны төрт жылда бір рет өтетін біріншіліктің 60 жылдық мерейтойымен байланысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бірреттік акция және ЕУРО-2024 турнирі қалыпты форматта өтеді.
Пандемия ЕУРО-2020 кестесіне бірқатар өзгертулер енгізуге мәжбүрледі. Енді турнирдың ақтық кезеңіне өткен 24 команда бас жүлде үшін 11 стадионда жарысады. Бұл стадиондардың қатарына Санкт-Петербург те енді. Себебі Ирландияның бас қаласы Дублин бұқаралық іс-шаралар өткізуден бас тартып, бұл өкілетті Ресейдің мәдени астанасына табыстады.
Мартин Каллен атап өткендей, 11 қаладағы жарыс үшін тек Будапеште жаңа стадион бой көтерген. Қалған спорт нысандары қолданыста болған стадиондар екені белгілі болды.
ЕУРО-2020 кубогі үшін айтулы тартыс қандай стадиондарда өтетінін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.