Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Темірден жаралғандар: триатлоннан Қазақстан чемпионаты қалай өтті – фото

Жазылу
Өткен демалыста оңтүстік астанада тритлоншы спортшылар ең жүйрік деген атау үшін жарысқа түсті. Сайран көлінде біруақытта екі спорт шарасы ұйымдастырылды: кәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан Қазақстан чемпионаты және TEMIRADAM Кубогының ІІ кезеңі

12-13 маусымда Қазақстан мен басқа да елден келген спортшылар қашықтықты еңсерудегі өз күштерін сынап көрді. Sputnik Қазақстан фототілшісі бұл әсерлі шараның қалай өткенін өз көзімен көріп қайтты.

Кәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан Қазақстан чемпионатына елдің сегіз өңірінен 60 триатлет қатысты. Олар төрт дәреже (Elite, U23, U19, U17) бойынша спринтерлік қашықтықта бақ сынасты. Аталған қашықтық үш кезеңнен тұрды: 750 метр - жүзу, 20 километр – веложарыс, 5 километр – жүгіру.

Бұл күні Алматыда аптап ыстық басылып, термомтетр +22°С температураны көрсетіп тұрды.

Elite дәрежесі бойынша алтын медальді Ақмола облысынан келген спортшылар иеленді.

Ерлер арасындағы страттың жалпы нәтижесі:

  • Темірлан Теміров (Ақмола облысы) - 58 минут 12 секунд;
  • Мейірлан Ысқақов (Ақмола облысы) - 58 минут 23 секунд;
  • Аян Бейсенбаев (Ақмола облысы) - 58 минут 28 секунд.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы – елордалық Екатерина Шабалина оқ бойы озық шықты. Нәтижесінде жүлде орындары былай бөлінді:

  • Екатерина Шабалина (Нұр-Сұлтан) - 1 сағат 7 минут 27 секунд;
  • Юлия Озерова (Алматы) - 1 сағат 8 минут 53 секунд;
  • Дарья Бычкова (Алматы) - 1 сағат 9 минут 52 секунд.

Өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты чемпионат кейінге қалдырылған болатын. Келесі жарыс енді 17 шілдеде Қостанайда өтеді. Ол жақта стандартты қашықтықта (1 500 метр – жүзу, 40 километр – веложарыс, 10 километр – жүгіру) жарысатын Elite және U23 дәрежесіндегі атлеттер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

TEMIRADAM Кубогіне әлем спортшылары жиналды

Сонымен қатар Алматыда TEMIRADAM Кубогінің ІІ кезеңі өтті. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және Алматы облысынан, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарынан 200-ден астам спортшы қатысты. Ашық жарысқа Ұлыбритания, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан және Украинадан келген шетелдік триатлон әуесқойлары да қатысты.

Жарысқа қатысушылар 750 метр жүзуден, 20 километр веложарысынан және 5 километр жүгіруден тұратын спринтерлік қашықтықта өз күшін сынап көрді.

Оқи отырыңыз: ЕУРО-2020: басты футбол алаңдары қайда орналасқан – фото

Елордалық TriClubNomad клубының спортшысы Дарын Қонысбаев PRO дәрежесінде жарыстың мінсіз жеңімпазы атанып, 1 сағат 0 минут 21 секунд уақыт нәтижесін көрсетті. Ал әйелдер арасында ERG Team спортшысы Надежда Бекмағанбетова 1 сағат 10 минут 9 секунд нәтижемен жеңіске жетті.

Age Group дәрежесінде ерлер арасындағы ең үздік нәтижеге Евгений Азарьев (Алматы) қол жеткізді. Оның уақыты - 1 сағат 5 минут 20 секунд. Осы дәрежеде әйелдер арасындағы жарыста Екатерина Шатнаяның (Алматы) жалпы уақыты 1 сағат 13 минут 55 секундты құрап, ол да жеңімпаз атанды.

Жарысқа қатысқан он үш эстафеталық команданың ішінде құрамында Рифхат Мамаев, Әнуар Ахмади мен Рүстем Амеркешов бар Universal Bicycle Team командасы үздік нәтиже көрсетті.

Айта кету керек, спорт шарасына қатысқандардың барлығы коронавирус жұқтырмағанын дәлелдейтін ПТР-тесті алдын ала тапсырған. Жарысты Қазақстанның триатлон федерациясы ұйымдастырды.

© Sputnik / Тимур БатыршинКәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан Қазақстан чемпионатына елдің сегіз өңірінен 60 триатлоншы қатысты.
Чемпионат Казахстана по триатлону среди профессионалов прошел 12 июня и собрал 60 триатлетов из восьми регионов Казахстана - Sputnik Қазақстан
1/18
Кәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан Қазақстан чемпионатына елдің сегіз өңірінен 60 триатлоншы қатысты.
© Sputnik / Тимур БатыршинКелесі күні TEMIRADAM Кубогының ІІ кезеңі өтті.
Участники испытали свои силы на спринтерской дистанции, которая состояла из заплыва в 750 метров, велоэтапа в 20 километров и забега на 5 километров - Sputnik Қазақстан
2/18
Келесі күні TEMIRADAM Кубогының ІІ кезеңі өтті.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖарысқа қатысушылар 750 метр жүзуден, 20 километр веложарысынан және 5 километр жүгіруден тұратын спринтерлік қашықтықта өз күшін сынап көрді.
Участники испытали свои силы на спринтерской дистанции, которая состояла из заплыва в 750 метров, велоэтапа в 20 километров и забега на 5 километров - Sputnik Қазақстан
3/18
Жарысқа қатысушылар 750 метр жүзуден, 20 километр веложарысынан және 5 километр жүгіруден тұратын спринтерлік қашықтықта өз күшін сынап көрді.
© Sputnik / Тимур БатыршинTEMIRADAM жарысына Қазақстан, Ұлыбритания, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан және Украинадан келген 200-ден астам спортшы қатысты.
В соревновании TEMIRADAM приняли участие более 200 атлетов из Казахстана, Великобритании, Кыргызстана, России, США, Узбекистана и Украины - Sputnik Қазақстан
4/18
TEMIRADAM жарысына Қазақстан, Ұлыбритания, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан және Украинадан келген 200-ден астам спортшы қатысты.
© Sputnik / Тимур БатыршинСпортшылар төрт (Elite, U23, U19, U17) дәреже бойынша жарысқа түсті.
Спортсмены состязались в четырех категориях (Elite, U23, U19, U17) - Sputnik Қазақстан
5/18
Спортшылар төрт (Elite, U23, U19, U17) дәреже бойынша жарысқа түсті.
© Sputnik / Тимур БатыршинЧемпионат өтіп жатқан аумақты полиция күзетіп тұрды.
Вокруг места, где проходил чемпионат, дежурила полиция - Sputnik Қазақстан
6/18
Чемпионат өтіп жатқан аумақты полиция күзетіп тұрды.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖүзуден кейін триатлеттер қос дөңгелекті темір тұлпарларының жүйріктігін жарысқа салады.
После заплыва триатлеты соревнуются в быстроте железных коней - Sputnik Қазақстан
7/18
Жүзуден кейін триатлеттер қос дөңгелекті темір тұлпарларының жүйріктігін жарысқа салады.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖедел жәрдем – кез келген спорт жарысында болатын "атрибут".
Скорая помощь - обязательный атрибут всех соревнований - Sputnik Қазақстан
8/18
Жедел жәрдем – кез келген спорт жарысында болатын "атрибут".
© Sputnik / Тимур БатыршинБұл күні Алматыда аптап ыстық басылып, термометр +22°С температураны көрсетіп тұрды.
В тот день погода в южной столице стояла нежаркая. Термометры показывали +22°С - Sputnik Қазақстан
9/18
Бұл күні Алматыда аптап ыстық басылып, термометр +22°С температураны көрсетіп тұрды.
© Sputnik / Тимур БатыршинСпортшылар жүзу және веложарыстан кейін 5 километрді жаяу жүгіріп өтеді.
После заплыва и велогонки спортсменам необходимо пробежать 5 километров - Sputnik Қазақстан
10/18
Спортшылар жүзу және веложарыстан кейін 5 километрді жаяу жүгіріп өтеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинСпортшы сәл тыныстап, су ішіп отыр.
Спортмен решил отдохнуть и выпить воды - Sputnik Қазақстан
11/18
Спортшы сәл тыныстап, су ішіп отыр.
© Sputnik / Тимур БатыршинОларды расында да темір адам деп санауға болады. Өйткені олар қиын жарыста өз күштерін сынаудан тайсалмайды.
После заплыва и велогонки спортсменам необходимо пробежать 5 километров - Sputnik Қазақстан
12/18
Оларды расында да темір адам деп санауға болады. Өйткені олар қиын жарыста өз күштерін сынаудан тайсалмайды.
© Sputnik / Тимур БатыршинTEMIRADAM Кубогына қатысушылардың барлығы коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест тапсырған.
Все участники сдали ПЦР-тесты на Covid-19 - Sputnik Қазақстан
13/18
TEMIRADAM Кубогына қатысушылардың барлығы коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест тапсырған.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖарыс кезінде жарақат алу қалыпты жағдай.
Травмы тоже являются частью больших соревнований - Sputnik Қазақстан
14/18
Жарыс кезінде жарақат алу қалыпты жағдай.
© Sputnik / Тимур БатыршинTEMIRADAM Кубогының медальдары.
Медали кубка TEMIRADAM - Sputnik Қазақстан
15/18
TEMIRADAM Кубогының медальдары.
© Sputnik / Тимур БатыршинЧемпионат аумағында полиция қызметкерлерін жиі кездестіруге болады.
Вокруг места, где проходил чемпионат, дежурила полиция - Sputnik Қазақстан
16/18
Чемпионат аумағында полиция қызметкерлерін жиі кездестіруге болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинСпортшыларға олардың туыстары мен жақындары қолдау көрсетті.
Поддержать участников пришли их родные и близкие - Sputnik Қазақстан
17/18
Спортшыларға олардың туыстары мен жақындары қолдау көрсетті.
© Sputnik / Тимур БатыршинМәреге жеткен спортшыға құрмет көрсетілуде.
Чествование победителя на финише - Sputnik Қазақстан
18/18
Мәреге жеткен спортшыға құрмет көрсетілуде.
Жаңалықтар
0