13:16 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
  • Наурыз мейрамын тойлау барлық кезеңде қазақ халқының өмірінде ерекше мәнге ие болған.
  • Осы жылы Наурыз тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мерекесі мәртебесінің 20 жылдығын атап өтуде.
  • Коронавирус пандемиясына байланысты бірқатар өңірде Наурыз мерекесінде бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.
  • Алайда бұл мерекенің астарында жатқан қуаныш пен үміт сыйлайтын көңіл-күйден бас тарту мүмкін емес.
  • Сол себепті карантиндік шектеулерге қарамастан Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтың жүрегінің төрінен орын алған.
  • Коронавирусқа байланысты би билеп, ән айту, халықтың жаппай ойын-сауық салып мерекелеуін кейінге қалдырды.
  • Алайда пандемия беті қайтқан соң Наурыз меркесі бұрынғыдан да ауқымды көлемде аталатыны анық.
  • Айнала ұлттық киім киген бойжеткендердің әсем күлкісіне көмкеріліп, алтыбақан айналасында айтылған ән аспанда қалықтайтын уақыт қайта келеді.
  • Шектеулер алынған соң жаппай ойын-сауық қайта жандана түспек.
  • Ұлттық киім киген арулар Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік алаңында Наурыз мерекесін тойлау кезінде келушілерге ас ұсынып жатыр.
  • Локдаундар мен карантиннен мезі болған жұрт жаңа көктемге шын қуанатын болады.
  • Бұл шақта ұлттық дәстүр қайта жаңғырады.
  • Біз барлығымыз ұжымдық иммунитет қалыптасып, жаңа Наурыз еш шектеусіз тойланатын мерекеге айналады деп үміттенеміз.
© Sputnik / Ilya Pitalev
Наурыз мейрамын тойлау барлық кезеңде қазақ халқының өмірінде ерекше мәнге ие болған.

Наурыз – қазақтың ұлттық мейрамы. Осыдан тура жиырма жыл бұрын Наурыз мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды

Наурыз мейрамының шығу тарихы тереңде жатыр. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Күн мен түн теңесетін бұл күн қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі болды. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған.

Бұл мерекеде алтыбақан басында ән айтып, күй тарту, көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру секілді дәстүрлі ұлттық ойындар ойнаған.

Тағы оқыңыз: Наурызды жаңаша атап өту қажет – Тоқаев

Көшпелі қазақ халқы үшін қыстан аман өтіп, Жер Ананың бусанатын шағы – көктемге жету үлкен қуаныш болған. Бұл жаңару мен үміттің маусымы саналған.

Қазіргі заманауи қоғамда да Наурыз мерекесі өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бүгінде Ұлыстың Ұлы күні жақындаған шақта айналаны тазалап, жеміс пен түрлі ағаштардың көшеттерін отырғызу, ұлттық ас-ауқат пісіруге үлкен мән беріледі.

Кілт сөздер:
фото, ұлттық костюм, Наурыз мейрамы
Загрузка...

Басты тақырып