Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Наурыз мейрамында ұлттық киім киген қыз-келіншектер – фото

Жазылу
НовостиTelegram
Наурыз – қазақтың ұлттық мейрамы. Осыдан тура жиырма жыл бұрын Наурыз мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды

Наурыз мейрамының шығу тарихы тереңде жатыр. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Күн мен түн теңесетін бұл күн қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі болды. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған.

Бұл мерекеде алтыбақан басында ән айтып, күй тарту, көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру секілді дәстүрлі ұлттық ойындар ойнаған.

Тағы оқыңыз: Наурызды жаңаша атап өту қажет – Тоқаев

Көшпелі қазақ халқы үшін қыстан аман өтіп, Жер Ананың бусанатын шағы – көктемге жету үлкен қуаныш болған. Бұл жаңару мен үміттің маусымы саналған.

Қазіргі заманауи қоғамда да Наурыз мерекесі өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бүгінде Ұлыстың Ұлы күні жақындаған шақта айналаны тазалап, жеміс пен түрлі ағаштардың көшеттерін отырғызу, ұлттық ас-ауқат пісіруге үлкен мән беріледі.

© Sputnik / Ilya Pitalev / Медиабанкке өтуНаурыз мейрамын тойлау барлық кезеңде қазақ халқының өмірінде ерекше мәнге ие болған.
Наурыз мейрамын тойлау барлық кезеңде қазақ халқының өмірінде ерекше мәнге ие болған. - Sputnik Қазақстан
1/13
Наурыз мейрамын тойлау барлық кезеңде қазақ халқының өмірінде ерекше мәнге ие болған.
© Sputnik / Ilya Pitalev / Медиабанкке өтуОсы жылы Наурыз тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мерекесі мәртебесінің 20 жылдығын атап өтуде.
Осы жылы Наурыз тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мерекесі мәртебесінің 20 жылдығын атап өтуде.  - Sputnik Қазақстан
2/13
Осы жылы Наурыз тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мерекесі мәртебесінің 20 жылдығын атап өтуде.
© Sputnik / Ilya Pitalev / Медиабанкке өтуКоронавирус пандемиясына байланысты бірқатар өңірде Наурыз мерекесінде бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.
Коронавирус пандемиясына байланысты бірқатар өңірде Наурыз мерекесінде бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.  - Sputnik Қазақстан
3/13
Коронавирус пандемиясына байланысты бірқатар өңірде Наурыз мерекесінде бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.
© Sputnik / Ilya Pitalev / Медиабанкке өтуАлайда бұл мерекенің астарында жатқан қуаныш пен үміт сыйлайтын көңіл-күйден бас тарту мүмкін емес.
Алайда бұл мерекенің астарында жатқан қуаныш пен үміт сыйлайтын көңіл-күйден бас тарту мүмкін емес.  - Sputnik Қазақстан
4/13
Алайда бұл мерекенің астарында жатқан қуаныш пен үміт сыйлайтын көңіл-күйден бас тарту мүмкін емес.
© Sputnik / Vladislav Vodnev / Медиабанкке өтуСол себепті карантиндік шектеулерге қарамастан Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтың жүрегінің төрінен орын алған.
Сол себепті карантиндік шектеулерге қарамастан Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтың жүрегінің төрінен орын алған.  - Sputnik Қазақстан
5/13
Сол себепті карантиндік шектеулерге қарамастан Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтың жүрегінің төрінен орын алған.
© Sputnik / Iliya Pitalev / Медиабанкке өтуКоронавирусқа байланысты би билеп, ән айту, халықтың жаппай ойын-сауық салып мерекелеуін кейінге қалдырды.
Коронавирусқа байланысты би билеп, ән айту, халықтың жаппай ойын-сауық салып мерекелеуін кейінге қалдырды.  - Sputnik Қазақстан
6/13
Коронавирусқа байланысты би билеп, ән айту, халықтың жаппай ойын-сауық салып мерекелеуін кейінге қалдырды.
© Sputnik / Vladislav Vodnev / Медиабанкке өтуАлайда пандемия беті қайтқан соң Наурыз меркесі бұрынғыдан да ауқымды көлемде аталатыны анық.
Алайда пандемия беті қайтқан соң Наурыз меркесі бұрынғыдан да ауқымды көлемде аталатыны анық.  - Sputnik Қазақстан
7/13
Алайда пандемия беті қайтқан соң Наурыз меркесі бұрынғыдан да ауқымды көлемде аталатыны анық.
© Sputnik / Владислав ВодневАйнала ұлттық киім киген бойжеткендердің әсем күлкісіне көмкеріліп, алтыбақан айналасында айтылған ән аспанда қалықтайтын уақыт қайта келеді.
Айнала ұлттық киім киген бойжеткендердің әсем күлкісіне көмкеріліп, алтыбақан айналасында айтылған ән аспанда қалықтайтын уақыт қайта келеді.  - Sputnik Қазақстан
8/13
Айнала ұлттық киім киген бойжеткендердің әсем күлкісіне көмкеріліп, алтыбақан айналасында айтылған ән аспанда қалықтайтын уақыт қайта келеді.
© Sputnik / Iliya Pitalev / Медиабанкке өтуШектеулер алынған соң, жаппай ойын-сауық қайта жандана түспек.
Шектеулер алынған соң жаппай ойын-сауық қайта жандана түспек.  - Sputnik Қазақстан
9/13
Шектеулер алынған соң, жаппай ойын-сауық қайта жандана түспек.
© Sputnik / Iliya Pitalev / Медиабанкке өтуҰлттық киім киген арулар Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік алаңында Наурыз мерекесін тойлау кезінде келушілерге ас ұсынып жатыр.
Ұлттық киім киген арулар Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік алаңында Наурыз мерекесін тойлау кезінде келушілерге ас ұсынып жатыр.  - Sputnik Қазақстан
10/13
Ұлттық киім киген арулар Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік алаңында Наурыз мерекесін тойлау кезінде келушілерге ас ұсынып жатыр.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоЛокдаундар мен карантиннен мезі болған жұрт жаңа көктемге шын қуанатын болады.
Локдаундар мен карантиннен мезі болған жұрт жаңа көктемге шын қуанатын болады.  - Sputnik Қазақстан
11/13
Локдаундар мен карантиннен мезі болған жұрт жаңа көктемге шын қуанатын болады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоБұл шақта ұлттық дәстүр қайта жаңғырады.

Бұл шақта ұлттық дәстүр қайта жаңғырады. 

 - Sputnik Қазақстан
12/13
Бұл шақта ұлттық дәстүр қайта жаңғырады.

© Sputnik / Vladislav Vodnev / Медиабанкке өтуБіз барлығымыз ұжымдық иммунитет қалыптасып, жаңа Наурыз еш шектеусіз тойланатын мерекеге айналады деп үміттенеміз.

Біз барлығымыз ұжымдық иммунитет қалыптасып, жаңа Наурыз еш шектеусіз тойланатын мерекеге айналады деп үміттенеміз.

 - Sputnik Қазақстан
13/13
Біз барлығымыз ұжымдық иммунитет қалыптасып, жаңа Наурыз еш шектеусіз тойланатын мерекеге айналады деп үміттенеміз.

Жаңалықтар
0