Өңірлер

Таблоға кіріп кеткен: Қарағанды облысында екі көлік соқтығысты – видео

© Sputnik / СтрингерНаезд на пешехода в микрорайоне Акжар
Наезд на пешехода в микрорайоне Акжар - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында болған жол апаты кезінде BMW Х5 автокөлігі жанар-жағармай станциясының таблосына кіріп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апатының видеосы Патриот Telegram-арнасында жарияланды.
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Қарағанды – Сарань тасжолында болған. BMW Х5 маркалы көліктің 22 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқандардан басып озамын деп, жол жиегімен қатты жылдамдықпен жүрген. Ал жанар-жағармай станциясына бұрылған Audi жүргізушісі оны көрмей қалған. Джип оны соғып, инерциямен "Қазмұнайгаздың" таблосына кіріп кеткен.
"Оқиға орнында BMW-ның бір жолаушысы қаза болды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Мамандар қажетті сараптамаларды жасауға кірісті.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды 
Жаңалықтар
0