https://sputnik.kz/20220114/eki-kolik-soqtygysty-video-19145707.html
Таблоға кіріп кеткен: Қарағанды облысында екі көлік соқтығысты – видео
Таблоға кіріп кеткен: Қарағанды облысында екі көлік соқтығысты – видео
Sputnik Қазақстан
Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді 14.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-14T15:28+0500
2022-01-14T15:28+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
оқиға
https://sputnik.kz/img/981/72/9817262_0:0:1033:581_1920x0_80_0_0_31a4a9add96022a2d1b59bbbc3ec496b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында болған жол апаты кезінде BMW Х5 автокөлігі жанар-жағармай станциясының таблосына кіріп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жол апатының видеосы Патриот Telegram-арнасында жарияланды.Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Қарағанды – Сарань тасжолында болған. BMW Х5 маркалы көліктің 22 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқандардан басып озамын деп, жол жиегімен қатты жылдамдықпен жүрген. Ал жанар-жағармай станциясына бұрылған Audi жүргізушісі оны көрмей қалған. Джип оны соғып, инерциямен "Қазмұнайгаздың" таблосына кіріп кеткен."Оқиға орнында BMW-ның бір жолаушысы қаза болды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Мамандар қажетті сараптамаларды жасауға кірісті.Оқи отырыңыз: Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/981/72/9817262_128:0:903:581_1920x0_80_0_0_e3d8d63d7ab986799576e16f10d874c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Таблоға кіріп кеткен: Қарағанды облысында екі көлік соқтығысты – видео
15:28 14.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында болған жол апаты кезінде BMW Х5 автокөлігі жанар-жағармай станциясының таблосына кіріп кеткен, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Жол апатының видеосы Патриот Telegram-арнасында жарияланды.
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Қарағанды – Сарань тасжолында болған. BMW Х5 маркалы көліктің 22 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқандардан басып озамын деп, жол жиегімен қатты жылдамдықпен жүрген. Ал жанар-жағармай станциясына бұрылған Audi жүргізушісі оны көрмей қалған. Джип оны соғып, инерциямен "Қазмұнайгаздың" таблосына кіріп кеткен.
"Оқиға орнында BMW-ның бір жолаушысы қаза болды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Мамандар қажетті сараптамаларды жасауға кірісті.