Оқиға

Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевВрач в защитной маске едет в машине скорой помощи
Врач в защитной маске едет в машине скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
ВАЗ-2115 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Honda Odessey көлігінің жолаушысы ауруханада көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында Құлсары-Бейнеу тасжолының 15 шақырымында Армения елінде тіркелген Honda Odessey және Ресей елінде тіркелген ВАЗ-2115 автокөліктері соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Ал екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының ауруханасына жеткізілген. Жолаушы алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды.
Қазіргі таңда жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты: бірнеше адам көз жұмды 
Жаңалықтар
0