Оқиға

Сау-тамтығы қалмаған: Қарағандыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты – видео

CC0 / Free-Photos / Осколки
Осколки - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша Nissan Sunny көлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында көлік пен автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Город Сарань (@podslushanosaran)

Nissan Sunny маркалы жеңіл көлік пен ПАЗ автобусы Қарағанды-Саран-Шахтинск тас жолында Ақтас ауылы маңында соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша Nissan Sunny көлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Соққы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

Көлік соққыдан қатты зақымданған. Оның ішіндегі жүргізушіні құтқарушылардың көмегімен шығаруға тура келді.

Оқиға орнынан түсірілген сурет әлеуметтік желіде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿 (@101_saran)

"Соққы кезінде автобус салонында бес жолаушы болған. Олар зардап шеккен жоқ. Аталған факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0