ТАЛДЫҚОРҒАН, 15 қараша – Sputnik. Алматы облысында іздеу жарияланған отбасы жол апатынан көз жұмғаны анықталды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде Талдықорған маңында жол апаты болған жерде түсірілген сурет тарап кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Көлік Үштөбе қаласына баратын тасжол бойындағы батпақтан табылды. Көлік аударылып кеткен", - деп хабарлады жазба авторы.
Суретте көрсетілген Skoda Superb көлігі бір күн бұрын үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен үштөбелік отбасыға тиесілі екені анықталды. Облыс полицейлері жол апатынан 60 жастағы ер адам, оның 47 жастағы әйелі және 19 жастағы қыздың қаза тапқанын атап өтті.
"15 қараша күні полицияға 27 жастағы Қаратал ауданының тұрғыны хабарласып, 14 қараша күні ата-анасы мен қарындасы Skoda Superb көлігімен үйден шығып, жоғалып кеткенін айтты. Көлік Талдықорған-Үштөбе тасжолының бойынан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 60 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Көлік аударылып, барлығы оқиға орнында көз жұмған", - деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.
Ведомство Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Оқи отырыңыз: