Оқиға

Рөлде полицей отырған: Қарағандыда жол апатынан бір жасар бала көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
Қайғылы оқиға 19 қазан болған. Қылмыстық іс тіркеліп, полицей уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Қарағандыда полиция қызметкері ауысымнан кейін үйге оралып, қиылыста бағдаршамның сары түсіне қозғалып кетті. Ол ішінде бір жасар бала бар көлікпен соқтығысты.

Қайғылы оқиға 19 қазан сағат 21:45-те Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында болған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Mercedes көлігінің тізгінінде отырған 37 жастағы полиция қызметкері қиылыста сары түске өткен. Рөлде 29 жастағы жүргізуші отырған "ВАЗ-2114" көлігімен соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан "ВАЗ-2114" көлігінде болған бір жасар бала алған жарақаттан көз жұмды. Автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді",- деп хабарлады облыстық ведомствоның баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Полицей уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0