Оқиға

Түркістан облысында жол апаты 6 адамның өмірін қиды

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Жазылу
Облыстық маңызы бар автожолда Opel Vectra қарсы бетке шығып кетіп, Audi-мен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Түркістан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды.

Өңірдің полиция департаментінің ақпаратынша, жол апаты 16 қазан сағат 19:14 шамасында болды.

Облыстық маңызы бар Жетісай-Шардара автожолының 172 шақырымында "Opel Vectra" автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, "Audi"-мен соқтығысқан.

"Салдарынан екі жеңіл көліктің жүргізушілері мен 4 жолаушы оқиға орнында қаза тапты, олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Алты жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, жол жүрісі және көлік пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша Шардара аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Тергеумен Түркістан облысы полиция департаментінің анықтаушылары айналысып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Полиция барша көлік жүргізушісіне жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0