Оқиға

Шығыс Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды – видео

© Photo : предоставлено очевидцамиКвартирных воров задержали в Алматы
Квартирных воров задержали в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Олар өз жоспарын төрт жыл бойы жүзеге асырып келген. Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы - 10,8 миллиард теңге

АЛМАТЫ, 7 қазан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Топ мүшелері жалған шот-фактура жасады деген күдікке ілінді. 

"Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз жалған шот-фактура жасаумен айналысқан топқа қатысты қылмыстық істі аяқтады", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында 6 адамнан тұратын топ 2014-2018 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 қолма-қол ақша фирмаларын құрғаны анықталды.

Фирмаларда қызметкерлер штаты да, мүлкі де, жиналмалы үй-жайлары да, өндірістік-техникалық базасы да болмаған және тіркеу орны бойынша орналаспаған.

Номиналды басшылардың ешқайсысы қаржы-шаруашылық қызметпен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік есеп және салық есептілігі жүргізілмеген.

Іс жүзінде кәсіпорындар салық төлеуден жалтару мақсатында "Рич Ресурс", "Тұмар ВКО", "Вос-Торг 1" компанияларымен тауарсыз шот-фактураларын, жүк құжатын, шарттарын заңсыз жазып беру үшін пайдаланған.

Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы - 10,8 миллиард теңге.

Сот үкімімен топ мүшелері түрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0