Оқиға

Таныс әйелді құттықтап барған астаналық ер адамның қылмысы әшкереленді

© Photo : UnsplashСағат
Сағат - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Жазылу
Қазіргі кезде өзінің заңсыз әрекетін мойындаған күдіктінің өзге қылмысқа қатыстылығы тексерілуде

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Астаналық ер адам мереке қарсаңында әйел танысының үйіне құттықтай барып, қымбат сағатын ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізу нәтижесінде қымбат смарт-сағатты ұрлады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Ер адам танысының үйіне қонаққа барған. Оңай олжаға кенелуді ойлаған ол кетерінде үстел үстінде тұрған Apple Watch сағатын алып кеткені анықталды. Кейіннен оны ломбардқа өткізген. Қолды болған затты полицейлер тәркілеп, иесіне қайтарып берді.

Оқи отырыңыз: ҚТЖ екіұдай мәндегі құттықтау видеосы үшін кешірім сұрады

Қазіргі кезде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өзінің заңсыз әрекетін мойындады және оның өзге де қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

Жаңалықтар
0