НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсізді комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. Олар киік мүйіздерін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті.
Дериваттардың ірі партиясын шетелге шығаруды ұйымдастырмақшы болған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен қатысушылары ұсталды.
Жалпы салмағы 700 килограмм болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді.
Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді, қазіргі уақытта олардың саны шамамен 800 мың басты құрайды.
Оқи отырыңыз: Киіктерді тірідей көмген: желіде тараған видеоға қатысты министрлік өкілі пікір білдірді
Осылайша, қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі («киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.