Оқиға

Әйелі мен екі баласын аман алып қалды, алайда тұңғышын құтқарып үлгермеді

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Пожар в селе близ Степногорска
Пожар в селе близ Степногорска  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Отағасының өзін әйелі мен балаларын өртенген үйден құтқару кезінде қатты күйік шалды

КӨКШЕТАУ, 1 қазан – Sputnik. Степногорскіде өрттен бес жасар бала көз жұмды. Оның ата-анасы үйден екі баланы ғана алып шығып үлгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қайғылы оқиға Ақмола облысында Степногорск түбіндегі Байқоныс ауылында таңғы сағат жетіде болған.

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Степногорск түбіндегі ауылда өрт шықты
Әйелі мен екі баласын аман алып қалды, алайда тұңғышын құтқарып үлгермеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Степногорск түбіндегі ауылда өрт шықты

"85 шаршы метр аумақтағы екі пәтерлі үйден өрт шықты. Бұл үйде бес адам тұрған. Отағасы әйелі мен екі баласын құтқарып қалды. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған үлкен ұлы көз жұмды. Күйік шалған ер адам ауруханада жатыр", - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 07.14-те оқшауланып, 07.46-да сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ алты қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0