Өңірлер

Шымкентте бір қора қой өртеніп кетті

© Photo : служба коммуникаций Атырауской областиОвца
Овца - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2021
Жазылу
Өрттің шығу себебі мен келтірілген матреиалдық шығынның көлемі анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте қорадағы 16 қой өртеніп кетті.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің "101" басқару пультіне 2021 жылдың 4 қыркүйегінде сағат 12:31-де Еңбекші ауданы Желтоқсан көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлады Otyrar.kz.

өрт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2019
Оқиға
Батыс Қазақстанда 100 бас қой мен он шақты сиыр тірідей өртеніп кетті
Оқиға орнына алғашқы келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері аталған мекенжайдағы тұрғын үйге жапсыра салынған жалпы көлемі 100 шаршы метр қора толық жанып жатқандығын анықтады. Сонымен бірге қораның ішінде 400 дана сығымдалған шөп, 16 бас қой өртенген.

Өрт әрі қарай Орынбай ақын көшесіндегі жалпы аумағы 300 шаршы метрлік үйдің шатырына өтіп, көлемі 100 шаршы метр шатыры жанды.

Өрт сағат 13:15-те оқшауланып, 14.26-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген матреиалдық шығынның көлемі анықталып жатыр.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 30 қызметкері, 6 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0